Атырауда тағы бір алаң жалға берілмек

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық қаржы бөлімі, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің теңгеріміндегі Бейбарыс даңғылы көпірінен Халел Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университеті аралығындағы жағалау алаңынан жалпы ауданы 201 ш.м. құрайтын 14 бірлік алаңды жалға беру бойынша электрондық хабарлама жарияланғанын хабарлайды. Жалға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

"Хабарламаға қатысу үшін www.gosreestr.kz интернет веб-портал сайтына тіркеліп, ««Жалдауға ұсынылатын объектілер» бетбелгісіне өтіп, оның ішінде Атырау қаласын таңдап, өтініш беруге құқыңыз бар. Өтініш қарау уақыты өтініш берілген күннен бес жұмыс күнді құрайды.​Бір өтініштен кем емес өтініш түскен жағдайда қалалық әкімдіктің шарттарына сәйкес жеңімпазбен жалға беру келісім шарты жасақталады. Бір объект бойынша екі өтініш түскен жағдайда портал тендер өткізу туралы шешім  делінген хабарламада.

Айта кетейік, жалға беру объектілер туралы қосымша ақпаратты 8 (7122) 25-05-29 және 8 777 342 33 13 телефондары арқылы алуға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ