Атырау қаласының аспанын қара түтін қаптады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, бүгін, 20 қыркүйек күні са5ат 08:57-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қамыс жанып жатыр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды.