Атырауда тағы бір жаңа мешіт ашылды

Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында 150 орындық жаңа мешіт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрбан айт мерекесімен орайластырылған мешіттің салтанаты ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы келді.


- Бүгін Ақтоғай ауылының тұрғындары үшін қуанышты күн. Таңы азанмен ататын ауылда құт-береке орнайды. Қуаныштарыңыз құтты болсын!, деді Бас имам.
Мешіт «Бастау Констракшн» компаниясының демеушілігімен салынған.


Жаңа үлгіде салынған мешіт ерлер мен әйелдер намаз залынан, Құран оқитын бөлме және имамдар бөлмесінен тұрады. Бұдан бөлек имам үйі, асхана,

дәрет алатын бөлмесі бар.