Атырауда тағы бір адам жоғалды

Атырау облысының Мақат ауданында тағы бір адам жоғалды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласынан 12 ақпан күні "Қаратал" кен орнына бағыт алған "Арна" ЖШС-не қарасты жаңармай тасығыш "Урал" жүк көлігімен шығып кеткен азамат кен орнына барамаған болып шығады.
«Түнде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысы ТЖД күштері дереу жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері, 1 "УАЗ" техникасымен туыстары іздеуге шықты. Таңғы сағат 06.20-да жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы және 1 "ТРЭКОЛ" жоғары өтімді техникасы қосылып, "Арна" ЖШС-нің 3 қызметкері және 1 техникасы, сондай-ақ туыстары да жұмылды.
Іздестіру жұмыстары Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінен 40 шақырым жерде жүргізілуде.
Сонымен қатар, "Қаратал" кен орнының жақын маңында іздестіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы 4 экипаж мүшесі, Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері және 3 туысы тартылды» делінген хабарламада.