Атыраулық полицейлер туыстары өлді деп хабарлаған әжеге екінші өмір сыйлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
31 желтоқсан күні "анам құлап қайтыс болды" деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған. Жуынатын бөлмеде құлап жатқан әйелдің неден қайтқанын тексеруге келген полицияның Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйел адамнан тіршілік белгілерін яғни, ақырын тамыр соғысының барын анықтап дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжей дәрігерлерге тапсырылды.
Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com