Атырауда министр жаңа нысандар ашып, техникалар табыстады (+ФОТО)

Бүгін Атырауға еліміздің Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов келді. Ол алдымен Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық "Атырау" әуежайында жаңа "L-410 NG" ұшағын салтанатты қарсы алу, содан соң облыс әкімі Серік Шәпкеновпен бірге жаңа көлік техникаларының кілтін табыстау рәсімдеріне қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасын табатынын айтты.

Қалғандары – бір данадан КАМАЗ-43118 6х6 шассиіндегі АЦ-10, КАМАЗ-43118 6х6 шассиіндегі АСА-20 өрт сөндіру автоцистерналары, КАМАЗ 43118 6х6 шассиіндегі АЦЛ-30 механикалық сатысы бар өрт сөндіру автоцистернасы, КАМАЗ шассиіндегі байланыс және жарықтандыру автокөлігі 43118 6х6, КАМАЗ 43118 4х2 шассиіндегі манипулятор-эвакуатор, MAN 8х4 негізіндегі AKP - 70 VEMA және қар-батпақты жерде жүре алатынТрэкол Вега-409 6х6.

Анықтама: 2024 жылы жергілікті және республикалық бюджет есебінен 91 техника, 1 жүзу құралы сатып алынды.

img 20250510 wa0025

1000585540

Одан әрі ведомсвто басшысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан, Мақат ауданы Доссор, Қызықоға ауданы Тасшағыл және Махамбет ауылдарындағы жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанатына қатысты. Аталған нысандар жергілікті бюджет есебінен салынып отыр.

Айта кетейік, Бөкейхан мен Доссордағы 14 орындық нысандардың аумағы 480 шаршы метрді құрайды. Құрылыс мердігері – "Декор" ЖШС. 

Сол сияқты, Тасшағылдағы 20 орындық нысанның аумағы да – 480 шаршы метр. Мердігер – «МСК-БАТЫЛ» ЖШС.

Ал, Махамбеттегі 21 орындық нысанның аумағы 811,2 шаршы метрге созылған. Мердігер – «DMISTRAL» ЖШС.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Е.Алтыбаев, облыстық ТЖД