Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап қайтыс болды

Байғұс бала есін жимастан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қайғылы жағдай 10 қыркүйекте сағат 19.30-да орын алғанымен, тек қазір ғана белгілі болып отыр. Оқиға «Насиха» сауда орталығы маңындағы үйлердің бірінде болған. 

«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, бұдан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив