«Заң және тәртіп» апталығы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көтерілген мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында Атырау облысының прокуратурасы мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, балалардың қауіпсіздігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, заң аясында нақты түсіндіру мен кеңестер алды.