Атырауда тұрғындардың жағасын ұстатқан жайт орын алды (+ВИДЕО)

Атырауда итті тірідей өртеп жібергендер ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиға 19 маусымда сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде болған. Жануарды қатыгездікпен өлтірген деген күдіктілер анықталып, ұсталған. Олар – 2003 және 2007 жылы туған тұрғындар. Видеода ер адамдардың бірі иттің үстіне от қойғаны көрінеді. Содан жануар отқа оранады.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды" деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті өкілдері.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ