Атырау қаласында тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекке тұрғандар үшін қалалық жер қатынастары бөліміне немесе Кеңөзек округінің әкімшілігіне хабарласуы тиіс, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің берген апараты бойынша,1999-2006 жылдары жеке тұрғын үй салуға кезекке тұрған тұрғындар берілген арыздары бойынша Кеңөзек ауылдық округі, «Қайнар» шағын ауданынан (Тасқала, Алғабас ауылдарына жақын орналасқан) газ, су, электр жарығы жүргізілген 660 жер телімі берілуде.
Осыған орай, азаматтарға Атырау қаласы әкімдігі, Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне немесе Кеңөзек ауылдық округінің әкімшілігіне келіп, хабарласу сұралады.
Фото:.freepik.com