Атырауда тұрғын үй өртеніп, бір адам ажал құшты...

Атырауда тұрғын үйдегі өрт кезінде зейнеткер әйел қаза тапты, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

М.Әуезов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде бүгін таңғы сағат 07:32-де түтін туралы қоңырау шұғыл қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, өрттің екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болғанын анықтады. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, пәтердің есігі құлыптаулы болғандықтан құтқарушылар терезеден кіруге мәжбүр болды. Бөлмені тексеру кезінде қонақ бөлмесінде 1952 жылы туған пәтер иесі табылды. Әйел дереу таза ауаға шығарылып, дәрігерлерге жеткізілді. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар пәтерден мысықты құтқарды. Өрт сағат 07:58-де толығымен сөндірілді. Оған ТЖД-ның алты қызметкері және екі техника жұмылдырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ