Атырауда тұрғын үй өртеніп, балалар құтқарылды

Өрт кезінде төрт адам, оның ішінде үш айлық бала құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

16 сәуір сағат 19:46 шамасында Атырау қаласы, Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Оқиға орнына құтқарушылар уақытылы жетіп, пәтердегі асхана бөлмесінің толықтай жануын оқшаулады. Өрт 20:16-да толықтай жойылды.

Айта кететін жағдай, өрт кезінде аталған тұрғын үйден құтқарушылар автосаты арқылы 4 адамды құтқарды. Оның ішінде 2 баланы соның бірі 3 айлық сәбиді  қауіпсіз жерге шығарып, анасына табыстады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 15 қызметкер, 4 бірлік техника, АМО 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ