Атырауда түнгі тыныштықты бұзған мейрамханаға айыппұл салынды

Кафе маңында тұратын тұрғындар №1 қалалық полиция бөліміне арыз-шағым жазып шағымданған, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі уақыт – тыныштық уақыты саналады. Бұл уақытта шу шығару, тұрғындардың тыныштығын  бұзу – әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. 

«Түнгі тыныштықты бұзу - жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін түнгі уақыттағы тыныштықты бұзу, соның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. 2-28 қыркүйек күндері аралығында Атырау қаласы Ж.Молдағалиев көшесі бойында орналасқан түнгі уақытта жұмыс жасайтын мейрамханалардың бірінің түнгі тыныштықты бұзу дерегі бойынша №1 қалалық полиция бөліміне тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар келіп түскен. Аталған дерек бойынша учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Шыңғыс Мусаев тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындар арызын Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік мекемесіне сарапаттамаға жіберген»», - делінген баспасөз хабарламасыында. 

Нәтижесінде, сараптама қорытындысына сәйкес түнгі тыныштықты бұзу дерегі бойынша мейрамханаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  437-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, 69 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

 

Мира НҰРТАЕВА