Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау облысы аумағында 8-31 желтоқсан күндері кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау, алдын алу сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды.
Шара аясында бөлім есебіне қойылған жасөспірімдер, жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, оларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ