Атырауда түн ішінде көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Балықшы көпірінен суға секірмек болған адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Оқиға орнына №1 қалалық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Мұхамбет Нұғманов және полиция аға лейтенанты Рамир Ерсайын дереу жетіп, өзіне қол жұмсап, көпірден секірмекші болған 2002 жылы туған қала тұрғынын анықтап, шұғыл құтқару әрекетін жасады. Ер адам №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен профилактикалық сұхбат жүргізілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған азаматтың жүйке аурулары есебінде тұрғаны анықталды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Эльмира Мықтыбаева