Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 48 тұлға сотталды

Атырауда бір жарым жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 82 қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Е.Досанов облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді.
- Бір жарым жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы 82 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, олардың 63-і сотқа жолданды.
Олар бойынша 48 кінәлі тұлға сотталды, оның ішінде 8 – бас бостандығынан айыруға, 35-айыппұлға және 5-өзге жазаларға тартылды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде мемлекет кірісіне 1,1 млрд.теңге немесе келтірілген залалдың 96% өтелді, - деді Е.Досанов.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың кеңінен қолданылатын шараларының бірі - мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасаудың шарттары мен алғышарттарын жою туралы ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде ұсыныстарды қарау", - деді департамент басшысы.
Жиында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға сауал жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.