Ш. Сариев атындағы өнер музейі және қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жергілікті қылқалам шеберлерінің қатысуымен Жайық жағасында суретшілер плэнері өтті.
Онға жуық қылқалам шеберлері шаһардың алыстан көз тартар көрікті жерлерін кенеп бетіне майлы бояумен бейнеледі.
– Өзім Атырау қаласында туып өстім. Жүрек қалауыммен осы мамандық бойынша тоғыз жыл біліп алып, қазір Кіші өнер Акедмиясында еңбек жолымды жалғастырып жатырмын. Астанадағы Ұлттық өнер университетінен білім алдым. Плэнер дегеніміз – еркін тақырыпта кенеп бетіне сурет салу. Сондықтан, қаламыздың сұлулығын түрлі түсті бояулардың көмегімен көрсету арқылы өз үлесімді қосайын деп шештім. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында өткен көрмелерге қатыстым, - дейді белгілі суретші Айгерім Кенжеғалиева.
Шара соңында суретшілер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.