Атырауда су есептегіш құралын ауыстыру жолдары жеңілдеді

«Атырау облысы су арнасы» мекемесі Атырау қаласы, Мақат және Исатай аудандарының тұрғындарына су есептегіш құралдарын учаскелік контроллерге хабар беріп, ауыстыра алатынын мәлім етеді.  

«Енді жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылары суды есепке алу құрылғыларындағы пломбаларды алу және қабылдау бойынша өтінішті өз учаскеңізге қызмет көрсететін контроллерге хабарласып бере аласыздар. Бұл процесс бұрынғыға қарағанда ыңғайлы етіп жасалды және төлем «Каспи Банк» QR арқылы бірден жүзеге асырылады. Осылайша «Атырау облысы су арнасы» КМК тексерушілері есептегіш құралын ауыстыру туралы өтініштерді тікелей сол жерде қабылдауға дайын. Өтініштерді жіберу үшін бізге келудің қажеті жоқ. Бүкіл процесс мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді», - делінген хабарламада.

Мира Нұртаева 

Фото: freepik.com