Қалада 15-маусым күні су болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталығында сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні тіршілік нәрі тоқтайды. Түнгі сағат 24.00-ден сағат 07.00-ге дейін қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерін хлорлауға байланысты салқын су беру уақытша тоқтатылады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА