Атырауда тұрғын үй кешендерінде және әлеуметтік-мәдени нысандарда су беру уақытша тоқтайды, деп хабарлайды AtyrauPress.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
30 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін су құбырының апатты бөлігін ауыстыру жұмыстарына байланысты мына мекен-жайлар бойынша су беру уақытша тоқтайды: Самал-2 ш.а, “Жерұйық” ТүК, “Сұңқар” ТүК, Нұрсая ш.а(Елорда даңғылы, 16-көше, 1, 3, 4, 16 даңғылдар және Күншуақ даңғылы), “КМГ Инжиниринг”, НЗМ, “Мирас” балабақшасы, “QSI”, “Ақмаржан” ТүК, “Латифа” ТүК, “Денхолм Жолдас”.