Ауыз су тұтынушыларына қосымша субсидия бөлінбек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №280 «Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №196 қаулысы бекітілді.
Аталған қаулыға сәйкес тізбеге Исатай ауданының Қызылүй, Жасқайрат ауылдары, Махамбет ауданының Жалғансай, Таңдай ауылдары, Құрманғазы ауданының Ғ.Әліпов, Асан, Ұштаған, Афанасьев, Хиуаз, Шағырлы ауылдары енгізілді. Енді мұндағы пайдаланушылар үшін ауызсу беру қызметінің құны арзандатылады. Атап айтқанда, ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 50 теңге, ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 60 теңге болмақ.