Атырауда сотталғанға берілген сәлемдемеден белгісіз зат табылды

Бұл туралы Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды АtyrauPress.

Қазан айының 14-ші жұлдызында күндізгі сағат 12:30 шамасында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемеде жазасын өтеушіге келген сәлем саухаттың ішінен тіс пастасына салынған белгісіз зат табылды. Аталған бөлімнің қызметкерлері тексеру барысында сотталған С.А.-ға, келген салемдеме ішінен тіс пастасының ішіне жасырын түрде түссіз пакетке оралған және өзіне тән иісі бар қою жасыл түсті белгісіз зат табылып, тәркіленді.

Сотталғанға сәлемдемені бермек болған азаматтан жауап алу барысында ол пакетті Маңғыстау облысынан келген поездан күтіп алғанын және осы мекемеде жазасын өтеп отырған сотталғандарға сәлем саухат арқылы беріп жіберуін өтінгенін айтты. Оны мекемеге әкеліп берген азамат бұрын өзі осы мекемеде жазасын өтеп шыққан.

- Болған жағдай бойынша Атырау қалалық ІІБ жедел тергеу тобы шақыртылып, жағдайды анықтау мақсатында тәркіленген зат және сәлемдемені әкелген азамат тергеу тобына тапсырылды, - деді  ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемесінің режим бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғ.Қазыбай.