Атырауда сот залында жаға ұстатар жайт орын алды... (+ВИДЕО)

Атырауда сот залында ер адам өзіне пышақ сұқты. Мұны облыстық полиция департаменті растап отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Оқиға 31 мамырда сағат 12.30-да болған. 

"Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, тергеу изоляторына оқшауландырылды" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com