Атырауда соңғы тәулікте 16 адам COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысындағы 2022 жылғы 11 шілдедегі эпиджағдай бойынша ақпарат:

- Соңғы тәулікте COVID-19 16 адам жұқтырған;

- 12 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;

- Соңғы тәулікте COVID-19 - дан қайтыс болған науқас жоқ;

- 77 адам үй жағдайында емделуде;

-  СOVID-19-дан емделген адам жоқ;

- Covid-19 қарсы  вакциналардың I компонентімен 271 539 адам егілді;

- COVID-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 259 102 адам егілді;

- Қайта вакциналанған 94 805 адам.

 - Pfizer екпесінің І компонентімен 22 829 адам егілді;

-  Pfizer екпесінің ІІ компонентімен 15 040 адам егілді;

- Pfizer екпесімен ревакцинацияланған  37 672;

- Қайта ревакцинацияланған 3149 адам.