Өткен тәулікте 10 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде жетеуі Атырау қаласында және үшеуі Теңіз кен орнынан анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау облысындағы 2022 жылғы 5 шілдедегі эпиджағдай бойынша ақпарат:
- 14 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;
- Соңғы тәулікте COVID-19 - дан қайтыс болған науқас жоқ;
- 15 пациент үй жағдайында емделуде;
- Соңғы тәулікте СOVID-19-дан емделгендер жоқ;
- Covid-19 қарсы вакциналардың I компонентімен 271 453 адам егілді;
- COVID-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 259 029 адам егілді;
- Қайта вакциналанған 91 075 адам.
- Pfizer екпесінің І компонентімен 21 360 адам егілді;
- Pfizer екпесінің ІІ компонентімен 14 420 адам егілді;
- Pfizer екпесімен ревакцинацияланған 34 411;
- Қайта ревакцинацияланған 2636 ;