15 ақпан және 29 наурыз аралығында облыс аумағында «Сіздің жолаушыңыз – бала!» акциясы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шараның мақсаты оқу орындарының, кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің және жастар ұйымдарының ұжымдарына жолда, оның ішінде техникалық құралдарды, сондай-ақ дауыс күшейткіш құрылғыларды пайдалана отырып, қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын насихаттау үшін белсенділердің арнайы топтарын құру туралы болып саналады.
Сондай-ақ, жол жүрісіне қатысушыларға (балалар топтарын тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалар, ата-аналар, педагогтер балаларды тасымалдау және арнайы ұстау құрылғыларын міндетті пайдалану қағидаларын түсіндіру, кәмелетке толмаған жүргізушілердің кінәсінен ЖКО алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мира Нұртаева