Бұл ботта тұрғындардың жеке дерегі құпия болады. Осылайша олар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекенжайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сіз жолдаған хабарлама құқық қорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады. Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты қылмыстар, оны тасымалдаушы азаматтар, есірткі құрамды заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады.
Telegram бот анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сондықтан ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт - құқық бұзушылықтың фото немесе бейне жазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі. Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot
Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.