Бұл туралы AtyrauPressоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1993 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады.
«Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдікті ұрып-соғып, 1 100 000 теңге ақша қаражатын бопсалап банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер 1987 ж.т. және 1991 ж.т. Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары қамауға алынды», деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Мира Нұртаева