Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 514-бабының 2-бөлігі бойынша (Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сотта анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматы Л. ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің белгіленген тәртібін сақтамай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін бұзған. Сот отырысында Л. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.
Сот қаулысымен Л. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ