Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында орналасқан шаруа қожалығында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді сақтаған азамат анықталды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қожалықта 7 дана қарасора бұтасы мен 2 дана пакетке салынған есірткіге ұқсас кептірілген шөбі анықталып, тәркіленді. 36 жастағы күдікті азамат анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" делінген хабарламада.