Атырауда шаһар басшысының шыршасы өтті (+ВИДЕО)

Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығында шаһар басшысының бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ғажайып мереке «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»тақырыбында ұйымдастырылды.

 Жаңа жылдық кешке көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 200 бала қатысты.

 Мерекелік іс-шарада қала әкімі Мейірім Қалауи балаларды келер жылмен құттықтап, тілегін жеткізді. Сонымен қатар, шаһар басшысы балаларға сыйлықтар табыстады.

 "Барлығымыз үшін жаңа жыл ерекше мереке, әсіресе, балалар оны айрықша күтетіні сөзсіз. Құрметті балалар, армандаңыздар, әрқашан білімге ұмтылыңыздар, дендеріңіз сау болсын! Білімнің арқасында сіздер үлкен еліміздің табысты азаматтары болып, сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңізді қоса аласыздар", - деді қала әкімі.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫ ЖЕРДЕ!