Атырауда шағын және орта бизнес өнімі 2,4 трлн теңгеге жетті

Атырауда шағын және орта бизнес көлемі өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, деп хабарлайды АтырауPress.


Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті, бұл облыстың жалпы өнімінің 21%-ы. Биыл кәсіпкерлікті дамытуға 8,9 млрд теңге бөлінді, 254 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 725 жаңа жұмыс орны ашылды», – деді әкім.
Айта кетейік, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқылы 300 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Фото freepik