Атырауда шұғыл түрде тұрғындар эвакуацияланды

Атыраулық полицейлер өрт шыққан үйден елуге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

4 мамыр күні сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны және учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, М.Өтемісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғырындарды шығаруға көмектескен. Он минуттың ішінде елуге жуық тұрғынды эвакуциялап, қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ, пәтерлердің бірінде құлыптанып қалған сегіз жастағы баланы шығару үшін есікті бұзып кіріп, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ