19 «Сәуір», 2022 2287

Атырауда С.Датов көшесі қайта жөнделеді

 Атырауда С.Датов көшесі қайта жөнделеді

Атырауда Сырым Датов көшесін қайта жаңарту жоспарлануда. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы Баймұханов көшесінен Өтемісов көшесіне дейін 4,69 километрді құрайды.

"Қайта жаңғырту  барысында жолдың жоғарғы қабаты толығымен алынып, жаңа асфальт төселеді. Сондай-ақ, жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы, 8 ашық және 4 жабық аялдама, заманауи көше шамдарын орнату қарастырылған. Жол құрылысын "АтырауИнжСтрой" мердігер мекемесі жүргізуде,-деп хабарлады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандары.

Қала әкімдігінде жол құрылысы басталғанға дейін қала тұрғындарына автокөліктердің қозғалыс кестесі алдын ала хабарланатын болады.