Атырауда С.Датов көшесі ашылды

Атырауда С.Датов көшесі жөнделіп, көлік қозғалысына ашылды. Бұл туралы «АтырауИнжСтрой» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау қаласының жол желісін жақсартудың кешенді бағдарламасы аясында 2022 жылдың шілдесінен бастап Баймұханов көшесінен Әбдірахмановқа дейінгі жол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі учаскеде  жалғасады», - делінген хабарламада.