Атырауда сайлаушылардың 40,04 пайызы дауыс берді

Атырау облысында таңғы 07:00-ден түске дейінгі аралықта 409 949 сайлаушының 40,04 пайызы өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағаливтің мәліметінше, 261 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. 117 сайлау учаскесі облыс орталығы - Атырау қаласында орналасқан.

  - Бүгінде сайлау комиссияларының 1966 мүшесі қатысуда. Қазіргі уақытта заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасын табады, - деді Е.Жұмағалиев.