Атырауда "Сайлаубек пен Сайлаугүл" дүниеге келді

Атырау облысы Индер ауданы жұртшылығы саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасап жатқанда, өңірде екі сәби дүниеге келді.

Жаңа босанған аналарды аудандық аналар кеңесінің төрағасы Светлана Жәрдемқызы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева арнайы құттықтап барып, естелік сый ұсынды.

  Жас ана Бақытгүл Сапанова кесте тігерін, ал Әдемі Жаманқұлова атұстарын бауырына басып қуануда. Бұл олардың төртінші сабилері екен. Құдай тіл-көзден сақтап, балалардың аман-есен өсіп кетулеріне тілектеспіз.

Айта кетейік, жаңа туған нәрестелердің есімі әлі қойылған жоқ. Олардың ата-аналары лайықты есімді таңдау үстінде.

 

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ