Атырауда әскери күзетшілер полицейлермен бірлесіп қарулы қарақшыны ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы polisia.kz хабарлады. Оқиға 12 қараша сағат 11.00 шамасында Авангард ықшамауданында болған. Ер азамат дүкен сатушысын тапаншамен қорқытып, 200 мың теңгеден астам қаражатты қолды қылған.
Аталған жағдай бойынша жедел басқару орталығына хабарлама түскен. Оны сол кезде кезекшілікте болған №5546 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон қызметкері Нұрбол Жайлиев қабылдап алған.
Ақыры, бірлескен іс нәтижесінде МП-65К тапаншасымен қаруланған қарақшы табылып, Атырау қаласының полиция бөліміне тапсырылды.