5 наурыз күні сағат 23:50 шамасында Сатпаев- Құрманғазы көше қиылысында Toyota Camry және Toyota Hilux автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жол апатының салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 2004 жылы туған жолаушысы қысылып қалған. Оны апаттық құтқару жасағының қызметкерлері шығарып алып, 2004 жылы туған екінші жолаушысымен бірге Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Эльмира Мықтыбаева