Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәіспорнының өкілдері хабарлайды.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы 13 шілдеге қараған түні сағат 24.00-ден 14 шілде таңғы сағат 07.00-ге дейін қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерінің маусымдық дезинфекциясы жасалады. Осыған байланысты су беру уақытша тоқтатылатындығын барлық абоненттерге хабарлайды.