Атырауда салынып жатқан 27 мектептің 4-еуі пайдалануға берілді

Атырауда жаңа мектептер салынып, білім беру сапасы артып келеді, деп хабарлайды АтырауPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.


«Биыл 27 мектеп салынуда, оның 4-і пайдалануға берілді, 14 мектеп келесі жылы аяқталады. «NAZAR» жобасы аясында 64 мектепке 2 500 бейнебақылау камерасы орнатылды, сабақтарды бағалау көрсеткіші 5 100 сабаққа дейін артты», – деді әкім.
Айта кетейік, соңғы үш жылда үш ауысымдық мектеп саны екі есеге азайды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ