Атырауда сахна саңлағының 100 жылдығы атап өтілді

Биыл «Елінің Еңлік гүлі» атанған Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына – 100 жыл.
- Бикен Римова киелі сахнада 80-ге жуық рөлді сомдап, қалың көрерменнің есінде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, «Қаракөзіндегі» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анасындағы» Жер-ана және «Ақ кемедегі» Кемпір, тағы басқа кейіпкерлер арқылы қалды. Бұдан бөлек, кино саласында 20-дан астам туындыға түсті. Бүгінгі іс-шарадағы мақсатымыз - сахна майталманының өнегелі өмірі мен өшпес өнерін өскелең ұрпаққа таныстыру, жастардың өнерге деген құштарлығын арттыру,- деді облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Светлана Салихова.