Атырауда Садықов және Жұмағалиев көшелерін жөндеу жұмыстары басталады

Шілде айында қаладағы Садықов және Жұмағалиев көшелеріне жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жалпы ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын қос жолдың құрылысын “Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ мердігер мекемесі жүргізеді.

Жөндеу жұмыстарын шілде айында бастау жоспарланып отыр.

Құрылыс жұмыстары кезінде толығымен автокөлік жолының беткі қабаттары алынып, жаңадан салынады.  Сондай-ақ, граниттік жиектастарды орнату, жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА