Атырауда сабағын көңілді өткізетін мұғалім бар

Атырау қаласындағы № 41 мектеп- гимназиясының мұғалімі Ислам Қадыров көпшілік назарына ілікті.
Әр сабағын ерекше етіп өткізетін атыраулық ұстаз көпшілік назарына ілікті. Бүгінде оның «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне жариялаған қызықты сабақтары мен сергіту сәттері туралы видеолары мыңдаған оқырманның көзайымына айналған.
Ұстаздың сабақ беру әдісі жөнінде жақында «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан бейнематериал жарыққа шықты. Ислам Қадыров - Атырау қаласындағы № 41 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
«Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай меңгерту. Ол үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақтар өткізіп келемін» – дейді жаңашыл ұстаз.
Исламның «Tik-Tok»-тағы негізгі контенті ата-аналар мен оқушылар. Еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандары бар.
«9 сыныпқа жетекшілік ететін ұстаз балалармен бірдей деңгейде әңгімелесіп, тәрбие мен білімді ұштастырып қызмет ету басты ұстанымым» – дейді И. Қадыров.