АтырауPress тілшісінің хабарлауынша, Қаныш Сәтпаев даңғылын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Осыған байланысты 18 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап Құрманғазы көшесі арқылы Ерниязов көшесінен көпірге дейінгі аралықта қарсы бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды қала әкімдігі. Қала әкімдігінің мәліметінше, бір бағыттағы жөндеу жұмыстары аяқталды. «Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бағыттарыңызды жоспарлау кезінде жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.
Аталған учаске арқылы өтетін қоғамдық көлік бағыттары да өзгереді. Толық ақпарат қоса берілген картада көрсетілген.