21 шілде күні таңертең Атырау қаласындағы С.Датов көшесінің 500 метр аумағы жабылады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында С.Датов көшесіндегі Ш.Уәлиханов көшесінен Н.Абуталиев өткеліне дейінгі 500 метр аралық сағат 09:00-ден бастап жабылады.
Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уакытша езгереді.
"Жұмыстар жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады", - делінген қала әкімінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА