Бұл туралы AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Былтыр қазан айында Жолды қайта жаңғырту мақсатында Сырым Датов көшесін жөндеу жұмыстары басталған еді.
Қазір жол жөндеу жоспар бойынша жалғасып жатыр.
Осы ретте, 20 маусым күні сағат 09:00-де Сырым Датов көшесі Құттығай батыр қиылысынан бастап «Барыс» сауда үйіне дейінгі 200 метрге дейінгі аралық жабылады.
Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді.
"Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұраймыз", - делінген хабарламада.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА