Атырауда С. Датов көшесіндегі тұрғын үйде шыққан өрт сөндірілді

AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, С. Датов көшесіндегі бес қабатты көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өрттің таралуына өрт сөндірушілер дер кезінде тосқауыл қойды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімдері автосатының көмегімен үздіксіз су беру жұмыстарын ұйымдастырған.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде жалын шағын аумақта тез арада сөндірілді. Өрт кезінде 50 адам өз бетімен қауіпсіз жерге шыққан.