Бүгінде соның 104-і толық тазартылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы бізге облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰҚ» АҚ деректеріне сүйеніп айтып берді.
– Анықталған рұқсатсыз қалдық орындарының екеуі Мақат, төртеуі Махамбет аудандарына, 58-і Құлсары және 67-сі Атырау қаласына тиесілі. Сонымен бірге, Махамбет пен Жылыой аудандарында қоқыс полигон аумағынан шығып кеткені анықталып, толықтай тазартылды, - дейді Ә.Мұратұлы.
Сондай-ақ, геопортал рұқсатсыз қоқыс төгілген сегіз орынды көрсеткен. Бірақ, бұл қалалық әкімдікке қарасты қаланың қоқыстарын төгетін полигон екені анықталды. Сондықтан рұқсат етілген алаң ретінде тіркелді. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қалалық әкімдікке қарасты мердігер мекеме «Спецавтобаза» ЖШС тазалық жұмыстарын жүргізді.