Атырауда өрт сөндіруші қайтыс болды...

15 мамырда Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Әбдіқасым Ілияс Мирамғалиұлы денсаулығына байланысты өмірден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Әбдіқасым Ілияс азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарды. Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білді. Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын. Ілиястың артында ата-анасы, жары мен екі кішкентай қызы қалды.

Фото: Atpress.kz

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com